Қытай Британияға қарсы санкция жариялады

Санкция салынған тұлғалар мен олардың отбасы мүшелеріне Қытай еліне кіруге тыйым салынады. Сонымен қатар санкцияланған тұлғалар мен компаниялар Қытай азаматтарымен әріптестік орната алмайды.
Шектеу шаралары енгізілгендер қатарында Британ парламентінің Сыртқы істер бойынша комитетінің басшысы Том Тугендхат, Иан консерваторлық партиясының бұрынғы көшбасшысы Дункан Смит, ұйғырлар туралы мақаланың авторы Джоанн Смит Финли, China Research Group ұйымы, «Ұйғыр трибуналы» ұйымы, адам құқығы туралы тори комитеті бар.
22 наурызда Еуроодақ Синьцзянда адам құқығы бұзылғаны туралы қытай азаматтары мен ұйымдарына қатысты санкция енгізген болатын. Оған жауап ретінде Қытай тоғыз парламент мүшесі мен ғалым, саясаткерлерге қатысты және Еуроодақтың төрт ұйымына қатысты елдің ішкі мәселесіне араласты деп санкция енгізіп отыр.
baq.kz