Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай лагерьлерде бір миллион мұсылманның азапталып жатқанын жоққа шығарды

Қытай лагерьлерде бір миллион мұсылманның азапталып жатқанын жоққа шығарды

Қытай Шыңжаң-Ұйғыр автономиясындағы пенитенциарлық мекемелерде кемінде бір миллион ұйғырды ұстап отырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

ҚХР-дың сыртқы істер министрінің орынбасары Чжан Ханьхуэй «мүдделері түсініксіз белгілі бір адамдар» Қытайға қарсы ақпараттық науқанды бастағанын айтты. Министрдің орынбасарының сөзінше, олар «білім беру мен кәсіби дайындық орталықтарын» мұсылмандарға арналған лагерьлер деп санайды және бұл қате пікір болып табылады. 
Сонымен қатар ол халықаралық ұйымның лагерьлерде миллион адамның тұтқында отырғаны туралы мәліметін қисынсыз әрі жалған деп атады. 
Ханьхуэйдің сөзіне қарағанда, Қытайдағы ұйғырлардың жағдайы туралы жалған ақпараттардың тарауы «халықаралық қоғамдастықтағы белгілі бір күштердің»  мемлекеттің дамуына деген теріс пиғылы мен қырғи-қабақ соғыс кезіндегі көзқараспен байланысты.
Еске сала кетсек, Қытайда лагерьлерде миллиондаған ұйғырлар мен басқа да мұсылман ұлт өкілдерінің саяси қайта тәрбиеленетіні туралы ақпарат пайда болғаннан кейін халықаралық қоғамдастықтың назарын аударған. Бейжіңде мұндай орталықтар экстремизмге қарсы тұру бағдарламасының бөлігі болып табылады және олар пайдалы жұмыс дағдыларын алуға көмектеседі. Алайда мұнда болған адамдар лагерлердегілерді азаптайтынын айтты.
Қытай билігі мұндай орталықтарда мұсылмандарды қамап жатқанын айтудан бас тартты. Алғаш рет Қытайдағы лагерьлердің бары 2018 жылдың қазан айында айтылды. Содан кейін СУАР парламентінің ресми құжаттарының бірінде «олар идеологиялық біліммен айналысады, ойларды тәртіпке келтіруге, дұрыс жүріс-тұрысқа және мемлекеттік тіл қытай тілін үйретеді» деп айтылды.
http://stan.kz
10 маусым 2019 ж. 776 0