Елена Рыбакина Қытайда топ жарды

Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA‑500 сериясындағы турнирдің финалында әлемнің тоғызыншы ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 10‑орында тұрған ресейлік Екатерина Александрова кездесті.
Тартысты да әсерлі матчте қазақстандық теннисші қарсыласын 3:6, 6:0, 6:2 есебімен жеңіп, мансабындағы 10‑шы WTA титулын (оның ішінде екі WTA 1000 трофейі мен бір "Үлкен дулыға" - Уимблдон жүлдесі бар) иеленді.
Осылайша Рыбакина жекелей сында мұндай нәтижеге жеткен тұңғыш қазақстандық теннисші атанды.
"Бұл - ерекше жеңіс. Әрбір титулдың өз тарихы бар, бірақ оныншысының орны ерекше. Маусымның азиялық кезеңін осылай аяқтағаныма қуаныштымын. Командама және Қазақстандағы жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Әлемнің қай жерінде болмасам да, үнемі жанымдасыздар", - деді Рыбакина матчтен кейін.
Фото: ҚТФ