Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің финалына шықты

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің 23-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 7:6, 1:6, 6:2 есебімен басым түсті.
Айта кетерлігі, үшінші сетте Рыбакина 0:2 есебімен ұтылып жатса да, қатарынан алты геймді өз пайдасына шешіп, мықтылығын көрсетті. Бұл жеңіс оған финалдық кезеңге өтуге мүмкіндік берді.
Финалға шыққаны үшін Рыбакина 87 825 еуро көлемінде жүлде мен 325 рейтингтік ұпайға ие болды. Еленаның ақпан айында Дубай мен Абу-Дабидегі турнирде жартылай финалға дейін жеткенін ескерсек, бұл – биылғы маусымдағы әзірге ең ірі жетістігі.
Финалда Елена Рыбакина америкалық Даниэль Коллинз бен ресейлік Людмила Самсонова арасындағы кездесу жеңімпазымен ойнайды.
Фото: baq.kz