ҰЛТТЫҚ МҰРА: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫН НАСИХАТТАУ ЖАЛҒАСУДА

Шараның мақсаты – ата-баба дәстүрін ұлықтап, ұлттық спорт ойындарын жастар арасында кеңінен дәріптеу, олардың бойында рухани бірлік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
Іс-шара барысында ауыл жастары мен спорт сүйер қауым арасында арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды.
Шара соңында қатысушылар ұлттық ойындардың ұлт болашағын тәрбиелеудегі рөлі туралы ой бөлісіп, жобаның тәрбиелік маңыздылығын атап өтті.
#АМАНАТ