Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

"AMANAT" партиясының “Ұлттық мұра” жобасы аясында бастауыш партия ұйымдарының арасында ұлттық спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты-ұлттық спортты дамыту арқылы партия мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, танымал және халық спорты ойындарын одан әрі дамыту болып табылады.

Жарысқа 15 бастауыш партия ұйымы қатысты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимінімен басталған спорттық сайысты "AMANAT" партиясы облыстық филиалы төрағасы Наурызбай Сейтқалиұлы ашып, жүргізіп, барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың ережесі таныстырылып, спортшылар 6 ойын түрі "Тоғызқұмалақ", "Асық ату", “Бес асық”, "Қол күресі", "Арқан тарту", “Гір көтеру” бойынша сайысқа түсті.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталатын болады.

"Толқын" ақпарат
07 маусым 2023 ж. 471 0