ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ НАСИХАТТАЛДЫ
Бүгін, “Бөген” бастауыш партия ұйымы “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында асық ату, ләңгі тебу ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау мақсатында арнайы сайыстар ұйымдастырды.Ұлттық спорт түрлерін насихаттау – халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын сақтаудың және келер ұрпаққа жеткізудің бірегей жолы. Сонымен қатар, ойындар тек қана спорт емес, ұлттық болмыс пен тәрбие мектебі болып табылады.










