Қызметкерлер арасында тартысты ала доп додасы мәресіне жетті

Ала доп додасына 8 команда қатысып, топтық кезеңде өзара бақ сынады. Іскерлік әлемінде адал еңбегімен абыройы асқақтаған мемлекеттік қызметкерлер спорт бәсекесінде де өздерінің шын мықты екендіктерін танытты.

Нәтижесінде жүлделі 3-орынмен Обаға қарсы күрес станциясы, 2-орын Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ие болды. Ал барлық бәсекеде озық ойын үлгісін көрсеткен Арал аудандық көпбейінді орталық аурухана командасы жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Турнирге қатысып, жүлдегер атанған командаларға аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев қаржылай сыйлық сертификаттары мен арнайы кубоктар және Алғыс хаттар табыстады.

Балықшы мерейін тасытар ауқымды шаралар легі кешкілік бірқатар өнер жұлдыздары мен аудан өнерпаздарының қатысуымен өтетін арнайы гала-концертке ұласады.



Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі