ҚЫСҚЫ БАЛЫҚ АУЛАУ ТУРНИРІ ӨТТІ

Турнирге Қазалы, Байқоңыр, Арал қалаларынан барлығы 16 команда құрамында 80-ге жуық балық аулаушылар қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша командалық және жекелей сынақ бойынша "Аулаудың ең жоғары жиынтық салмағы», «Ең ірі балық», «Жарыстың ең жас қатысушысы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Командалық сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Байқоңыр қаласының командалары өзара бөлісті. I орынды «Протон» командасы жеңіп алды. Жүлделі II орынды «Шчупак» командасы иеленсе, III орынға «Союз» командасы ие болды.