АРАЛДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "МҰЗ АСТЫНАН БАЛЫҚ АУЛАУ" САЙЫСЫ ӨТТІ

Нағыз әуесқой балық аулаушылардың басын қосқан халықаралық сайыс «Арал құтқару қорының» құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Арнайы салауатты өмір салтын ұстану, жергілікті тұрғындарға альтернативті балық аулау түрін насихаттау мен әуесқой спорт аясында жергілікті жердегі туризімді дамыту мақсатында өткен жарысқа жалпы 16 команда белсене қатысты.
Жарыс қорытындысына сәйкес, I, II, III-орындарды Байқоңыр қаласының қатысушылары иеленсе, Арал ауданының қатысушылары V-орынға табан тіреді. Жеңімпаздарға демеушілер атынан кубоктар мен медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.