ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Жарыста «Арал Аудандық Орталық Мешітінің» бас имамы Рахметтегі Съезбек Евилханұлы эстафетаның ашылу салтанатында сайыстың маңыздылығын атап өтті.
-Құрметті бауырлар. Қасиетті Құранда Алланың жібінен, яғни дінінен бекем ұстап, бірлікті сақтап, бөлінуден аулақ болу жайында баяндалады. Мұсылман қауымы осы қоғамның, халықтың бір үлкен бөлігі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әруақытта өз сөзінде бұқараны салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортқа назар аударуға шақырып келеді. Бас мүфтиіміз де осы спорттық жарыстарға, жастардың, мұсылман жамағатының бірлігін арттыратын шараларға ерекше көңіл бөлуімізді тапсырды. Біз Елбасымыздың, бас мүфтиіміздің салмақты да салиқалы бастамаларын басшылыққа алып, осы шараларды қолға алдық. Біздің ең үлкен бәйгеміз, басты жеңісіміз де – тек бірлік. Алла тағала бізді бірлігімізден ажыратпасын, бір болуымызды нәсіп етсін, - деді.
Әділқазылар алқасының мүшесі, «Арал спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жалғас Бітімбаев жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі.
Командалар аламан жарыста «Кедергілер арасымен жүгіру», «Қаз -қатар жүрелеу», «Аламан», «Қаппен секіру»,, «Арқан тарту», «Сұрақ -жауап сайысы» бойынша күш сынасты. Тартысты өткен спорт додасы үш сағатқа созылды.
Қазылар алқасы жеті тур бойынша балдық жүйемен топтың белсенділігін бағалап, шын жүйрікті анықтауға ден қойды. Әділ қазылардың ортақ ұйғарымымен «Алға» командасы – 1 орын, «Əли» командасы – 2 орын, «Нұрай» командасы 3 орынға ие болды. Жарыстан қалыс қалмаған өзге топтар да арнайы марапаттау, алғыс хаттарымен, бағалы сый-сияпаттармен марапатталды.
Пікір 1