Зілтемірші Снежанна – Әлем чемпионы

Байрақты бәсекеде Снежанна 74 келілік зілтемірді көтеріп, Азия және әлем рекордын жаңартты. Сонымен қатар спортшы «Тотал» бағдарламасы бойынша да үздіктер көшін бастады.
Бұл жеңіс – қаршадай қыздың табандылығы мен еңбекқорлығының және университет қабырғасында спортты дамытуға жасалған қолдаудың айқын көрінісі.