Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Азия чемпионы атанды

Шынар Абатова – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті. Самбо, дзюдо және қазақша күрестен ҚР спорт шебері. Бұған дейін ол самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы атанған. Спортшының алдағы жоспары – Әлем чемпионатына қатысып, ел мерейін асқақтату.
Айта кету керек, Азия чемпионы Шынар Абатованы жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. Ел намысын қорғап, алтыннан алқа таққан жерлесімізге жиналған қауым ізгі-тілектерін білдірді.

kyzylorda-news.kz