Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин алтын медальға ие болды

Илья Ильин алтын медальға ие болды

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин «Қорқыт Ата атындағы  Алтын медальмен» марапатталды.
Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Каримованың қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер –  мақтаныштарымыз!» атты  мерекелік шара өтті. Шарада университет ректоры қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, еліміздің көк туын әлемдік аренада желбіретіп, көкке көтеріп жүрген бірқатар спортшыларды марапаттады.
Шараның басты қонағы университет түлегі, ауыр атлетикадан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, зілтемірден әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин «Қорқыт Ата атындағы  Алтын медальмен» марапатталды.
Сонымен қатар ФКС-18-1 оқу тобының студенті, шахматтан 3 дүркін әлем чемпионы, 7 дүркін Азия чемпионы Әсел Серікбай, ФКС-18-5 оқу тобының студенті, каратэ-до киокушинкай-каннан әлем және Азия чемпионы Айбек Шаукилов,  ФКС-18-5 оқу тобының студенті, парадзюдодан әлем чемпионы – Олжас Оразалыұлы, ФКС-18-3 оқу тобының студенті, таеквондодан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Х-жазғы Универсиаданың жеңімпазы Жандос Орынбек, ФКС-17-3 оқу тобының студенті, дзюдодан Азия чемпионы, Х-жазғы Универсиаданың қола жүлдегері – Нұрлыхан Шархан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Шара барысында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арнап марапат иелері университет ректорымен бірге еліміздің Гимнін орындады. Марапат иесі Илья Ильин және «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есенжол Назаров шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ыстық лебіздерін жеткізді.
kyzylorda-news.kz
04 маусым 2020 ж. 840 0