Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин Катар кубогына қатысады

Илья Ильин Катар кубогына қатысады

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Катар кубогы турниріне қатысады. Аталған турнирде 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беріледі, деп хабарлайды inform.kz.
Катар кубогында олимпиадалық салмақ дәрежесінде жүлделер үлестіріледі. Оған қазақстандық құрама мүшелері толық құрамда бара алмайды. Дүбірлі додада еліміздің атынан бақ сынайтын спортшылар қатарында төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 96 келіде жарыс жолына шығады. Ал 61 келіде Игорь Сон, 81 келіде Нижат Рахимов пен Денис Уланов, 109 келіде Ибрагим Берсанов жарыс көрігін қыздырады. Аталмыш турнирде қыздар арасынан Екатерина Быкова (76 келі) және Раушан Мешітханова (87 келі) бақ сынайды.
Катар кубогы 19-24 желтоқсан аралығында өткізіледі.
10 желтоқсан 2019 ж. 751 0