Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Илья Ильин әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеге іліне алмады.
96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған ауыр атлетіміз тек 13-ші орыннан көрінді. Жұлқа көтеруде үшінші мүмкіндігінде 171 килоны бағындырса, серпе көтеруде 200 килоны көтерді. Осылайша қос сайыс қорытындысы бойынша 363 (168+195) килоны бағындырған Илья Ильин алғашқы ондыққа ілінбеді.
Әзірге әлем чемпионатында Қазақстан қоржынында жалғыз медаль бар. 55 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Игорь Сон күміс медальді қанжығалаған болатын. Ал Арли Чонтей (55 килоға дейін), Нижат Рахимов, Айдар Казов (81 килоға дейін) және Денис Уланов (89 килоға дейін) жүлдесіз қалды. Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардан тек Ибрагим Берсанов (109 килоға дейін) қалды.
Әйелдер арасында  Зульфия Чиншанло (55 килоға дейін) төртінші, Екатерина Быкова (71 килоға дейін) жетінші көрсеткішті көрсетті.
https://massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/58882/
25 қыркүйек 2019 ж. 636 0