Қызылордалық зілтемірші Айсамал Сансызбаева әлем чемпионы атанды

Ол 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді. Айсамал қоссайыс қорытындысы бойынша 258 (113+145) келіні бағындырды. Айта кетейік, кеше ғана Сыр спортшысы Рахат Бекболат (175+202=377) Әлем чемпионы атанған болатын.Айсамал былтырғы жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 2 мəрте алтын медаль алса, Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының жеңімпазы атанған.
Айсамал Сансызбаева – Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды. Жаттықтырушылары – Арман Абдраев, Нұрсұлтан Бахрадин, Мұхаммед Тұрысбеков.
kyzylorda-news.kz/