Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.
Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.
Фото: baq.kz










