Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мюнхенде Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян кездесті

Мюнхенде Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян кездесті

Кездесуде екі ел арасындағы бейбітшілік төңірегінде келіссөздер, қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру, шекараны делимитациялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

17 ақпанда Мюнхенде Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев пен Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянның екіжақты кездесуі өтті.

Әзербайжан президентінің ресми сайтының хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы бейбітшілік төңірегінде келіссөздер, қарым-қатынасты қалыпқа келтіру, шекараны делимитациялау мәселелері сөз болды.

Сыртқы істер министрліктеріне таяу уақытта бітімгершілік келісімі бойынша кеңес және шекараны делимитациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізу тапсырылды.

COP29-ға қатысты өзара ымыраға келулер мен екі ел арасындағы жетістіктер оң бағаланды.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz

18 ақпан 2024 ж. 506 0