Бұрын Жамбыл облысы аумағында қауіп-қатер туралы ақпаратты немесе дабылды жеткізу жергілікті теледидар және радио хабарлар тарату, сиреналар мен мобильдік операторлар арқылы SMS тарату көмегімен жүргізілген. Енді төтенше жағдай туралы халықты жылдам құлақтандыру үшін SMS-пен қатар, тегін мобильді «Darmen» қосымшасы іске қосылды. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.