Алматыда сауда орталығы өртеніп жатыр
Алматыдағы ең үлкен нарықтардың бірі барахолка базарында сауда орталығы өртеніп жатыр, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Төтенше жағдайлар қызметі бүгін сағат 16.26-да Алматы қаласы Жетісу ауданындағы “Байсат” базарының өртеніп жатқаны туралы хабар алды.
«16.26-те 101 кезекші пультіне Алматы барахолкасындағы «Байсат» сауда орталығының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер төтенше жағдай туралы хабарды ала сала 7 минут ішінде оқиға орнына жетті. Қазір өртті сөндіру үшін қосымша күштер шақырылып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Stan.kz