Отандық компанияда қаржы директоры болған Қытай азаматын елден шығарып жіберді

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, іскерлік визасы Қазақстанда қызмет етуге жарамсыз. Сондықтан, сот шешімімен Қытай азаматы елден шығарылды.
Сонымен қатар, жедел-профилактикалық шаралар нәтижесінде жыл басынан бері Атырау облысы аумағында заңсыз жүрген 26 шет ел азаматы елден шығарылған. Олардың қатарында 22 Өзбекстан азаматы болса, төртеуі Қытай азаматтары.