Түркияда қаза тапқандар саны 40 мыңға жуықтады

Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу бұл ақпаратты растады.
Оның айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталған, құтқарушылар 20 мыңнан астам ғимаратты тексерген.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жойқын жер сілкінісі болды.
Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.
Фото: kaz.orda.kz