Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мыңға жуықтады

Еске салсақ, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,4 күшті жер сілкінісі болды. Көптеген қираулар салдарынан адамдар үйінді астында қалды, құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.