Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 74 адамға жетті

Қытайдың Сычуань өлкесінің Лудин қаласында болған 6,8 балдық жер сілкінісінен 74 адам қаза тапты. Сондай-ақ 26 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 259 адам жарақат алды.
Қазір осы апаттық жағдайға байланысты әлі де қосымша статистика беріліп жатыр. Жер сілкінісінен зардап шеккен орындарда апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.