Ауғанстанда жер сілкінісінен 6 адам қаза тапты

Провинция әкімшілігінің хабарлауынша, магнитудасы 5,3 баллдық жер сілкінісі дүйсенбіге қараған түні тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Нұргүл (Нур Гюль) ауданында болған.
Барлығы тоғыз адам ауруханаға жатқызылған. Зілзала салдарынан ондаған ғимарат қираған.