Қытайда су тасқынынан 6 адам қаза тапты

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, елдің оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында бір үй құлап, салдарынан үш адам, Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында көшкіннің салдарынан тағы екі адам қаза тапты.
Сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында сел салдарынан бір адам қаза тапты. Сондай-ақ үш адамның тағдыры туралы ештеңе белгісіз.
Қатты су тасқыны салдарынан маусым айының басынан бері 200 мыңға дейін адам қауіпсіз жерге көшірілген.