Индонезияда 7 баллдық жер сілкінісі болды
Индонезияның Суматра аралында қуаты 7,1 баллдық жер сілкінісі болды деп хабарлайды «Fars news» агенттігі.
Жұма күні Индонезияның Суматра аралында қуаты 7,1 баллдық жер сілкінісі болды және бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды. Жер сілкінісінің магнитудасы жоғары болғандықтан, Индонезия билігі жер сілкінісінен кейін қалада цунами туралы ескерту жариялады.
Рейтер агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі кезінде Бантен провинциясында бір адамның жүрегі тоқтап, қаза тапқан және төрт адам жарақат алған.
Сонымен қатар, Суматра аралында орын алған жер сілкінісі кезінде 34 тұрғын үй және ондаған ғимарат бұзылған.