Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды

Бүгін түнде Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясында 6,1 баллдық жер сілкінісі болды.
Бірінші дүмпуден кейін 33 афтершок болған, олардың ең қуаттысы - 6,3 магнитудалы.
Жер сілкінісінің эпицентрі Хормозгандағы Бендер-Ленг қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 61 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі 10 км.
Қазіргі уақытта жерасты дүмпуінен 5 адам қаза тауып, 39-ы зардап шеккені анықталды.