Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда тағы жер сілкінді

Түркияда тағы жер сілкінді

Түркияның оңтүстік-шығысында 5,1 балл қуатымен жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Үкіметтің төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 5,1 балдық жер сілкінісі болды.

Оның эпицентрі Гексун ауданында 9 км тереңдікте орналасты.

Сонымен бірге бүгін Кахраманмараш провинциясына Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, Түркияда зілзала құрбандарының саны 6,2 мыңнан асты, тағы 37 011 адам жарақат алды.

Бүгін қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркиядағы жойқын жер сілкінісі болған жерге аттанды. Екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, қызметтік иттер бар.

Сонымен бірге Түркияда тұратын қазақстандықтар зардап шеккендерге 34 млн теңге жинап берді.

Фото: jasqazaq.kz
08 ақпан 2023 ж. 348 0