Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ливияда жоғалған 2,5 тонна уран қойма маңынан табылды

Ливияда жоғалған 2,5 тонна уран қойма маңынан табылды

Атом қуаты халықаралық агенттігі соғыс жүріп жатқан Ливияда 2 тоннадан астам табиғи уран жоғалып кеткенін мәлімдеген еді. Сол уран қоймадан небәрі 5 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Генерал Халед әл-Махжуб уран контейнерлері қоймадан небәрі 5 шақырым жерден табылғанын айтты.

Атом қуаты халықаралық агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси ұйымға мүше елдерге сейсенбі күні инспекторлар 2,5 тонна уран кені концентраты бар 10 бөшке жоғалып кеткенін айтқанын мәлімдеді.

Табиғи уранды энергия немесе бомба отынын өндіруге пайдалануға болмайды, өйткені байыту процесі металды газға айналдыруды талап етеді.
17 наурыз 2023 ж. 329 0