Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала үздіктері марапатталды

Сала үздіктері марапатталды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Атом саласы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай сала мамандарымен кездесіп, үздіктерді марапаттады.
– Қазақстанның атом саласы экономиканың негізгі, стратегиялық маңызды, табысты салаларының бірі болып саналады және әлемде алдыңғы қатарда. Бұл – ең алдымен, жоғары білікті жұмысшылардың еңбегі. Өңірімізде 4 уран өндіретін компания және 1 күкірт қышқылын шығаратын зауыт жұмыс жасауда. Оларда 2500-ден аса адам қызмет атқарады. Қарапайым халықтың игілігіне несібе болған уранды игерген атомшылар күнімен құттықтаймын, – деді облыс әкімі.
Кездесуде «Байкен-U» серіктестіктің көліктік және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің бастығы Болат Нетбаев, «Қызылқұм» серіктестігінің V дәрежелі қазандық операторы Ибрагим Мәліков, «РУ-6» серіктестігі Бас директорының экономика және қаржы жөнін­дегі орынбасары Олжас Жұмабай, «Семізбай-U» серіктестігі «Иіркөл» филиалы әкімгершілік-шаруашылық қызметінің басшысы Мейрамхан Охапов және «СКЗ-U» серіктестігі күкірт қышқылы зауыты сынақ зертханасының бастығы Олжас Орынбасаров «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Кездесу соңында сала ардагері Мұхит Ысқақов аймақ басшысына көрсетілген құрмет үшін алғысын жеткізіп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Еске салайық, 2008 жылы 28 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі болып бекітілді. Қазақстан уран өндіру көлемі бойынша әлемдік көшбасшы болса, өндірілген уранның барлық көлемінің 20%-дан астамы біздің өңірдің үлесінде. Табиғи уранды өңдейтін жалғыз кәсіпорын – «Байкен-U» серіктестігі. Ал, «СКЗ-U» компаниясының зауыты жыл сайын 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіруде.

syrboyi.kz
30 қыркүйек 2021 ж. 301 0