Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда тұңғыш рет «қымызfest» шарасы өтті

Түркияда тұңғыш рет «қымызfest» шарасы өтті

Түркиядағы қымызмұрындыққа келушілердің қарасы қалың болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24.kz арнасының мәліметінше, игі шараға халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйытқы болған.

Қымыз, күллі түркінің ортақ сусыны. Соның ішінде қазақтың ұлттық тағамы. Қырғыздың ұлттық тағамы. Сондай- ақ, біз үшін жеиі қазынаның бірі. Қалай да қарасаң бүгінгі шараның маңызы зор, - дейд, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев.

Ұлы тағзым қоғамдық ұйымының вице-директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша, бұл шараны 10 жыл бұрын Қазақстанда бастаған. Бірінші мақсат, көшпелі салт дәстүрін көрсету.

Бірінші рет Түркияда ұйымдастырып жатырмыз. Ресми рәсімнен кейін туыстас түрік халқына ұмыт бола бастаған желіге құлын байлау және бие сауу дәстүрі көрсетілді, - дейді ол.

Шара аясында ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, келушілер қаз-қатар тігілген киіз үйдің ішіне кіріп, бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдарымыздан дәм татты. Қымыздың бірнеше түрінен де ауыз тиді. Қонақтарға ұлттық сусынның ерекше қуаты мен денсаулыққа пайдасы жайында кеңінен мағлұмат берілді.
22 мамыр 2023 ж. 334 0