Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздікке 30 жыл: Түркі елдерінің мерекелік концерті өтті

Тәуелсіздікке 30 жыл: Түркі елдерінің мерекелік концерті өтті

Анкарада түбі бір түркі елдері тәуелсізідігінің 30 жылдығына арналған концерт өтті.
Түркі тектес елдері тәуелсізідінің 30 жылдығы Анкарада тойланды. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйытқы болуымен Түркия Президенті симфониялық оркестрі залында концерт ұйымдастырылды.
Мәдени шараға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері, дипломатиялық миссияның басшылары қатысты.
Алғашқы болып Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі Бейбіт Мұсаев қазақтың домбырасын күмбірлетті. Кейін ұлттық аспаптармен бауырлас елдердің танымал әндері орындалды.
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстанның танымал дирижерлері онлайн форматта концерт беріп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

kyzylorda-news.kz
24 маусым 2021 ж. 555 0