Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

3 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

Түркі ынтымақтастығы күні
2009 жылғы 3 қазанда түркітілдес елдер мемлекет басшыларының IX саммитінде Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғыз Республикасының президенттері тарихи Нахчыван құжатына қол қойды. Сол күннен бастап түркі әлемі интеграциясы жаңа бір белеске көтерілді. Аталған келісім нәтижесінде тарихта алғаш рет бауырлас төрт ел Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі атты халықаралық ұйым құрды. Осыдан соң ТүркПА, Халықаралық Түркі академиясы дүниеге келді. Ал ТҮРКСОЙ жаңа серпінмен жұмыс істей бастады. 2019 жылы Түркі кеңесінің құрамына Өзбекстан қабылданатыны туралы жарияланды. Енді ұйымға кіретін мемлекеттердің саны беске жетеді. Олар: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Түркия және Өзбекстан. Нахчыван келісімі бекіген 3 қазан түркі әлемінде жыл сайын түркі халықтарының ынтымақтастығы күні ретінде аталып келеді.
1883 жылы Семей облыстық кітапханасы ашылды. Бұл мекеме Семейге патша үкіметі жер аударған революционер демократтардың бастамасымен құрылды. Кітапхананың қорында алғашқы кезде мың дана баспа өнімі болды. Ол заманда осынша қор өте бай қазына болатын. Кітапханада орыс классиктерінің шығармаларымен қатар шет ел классиктерінің, әлемнің ең ірі ғалымдарының да тіршілік, табиғат, қоғам өміріне байланысты мәселелерді қарастырған еңбектерін табуға болатын еді. Аталмыш кітапхана Семей зиялыларының орталығына айналған. Тұрақты оқырмандары қатарында Абай, Е.Михаэлис, Н.Долгополов болды. Американдық журналист, публицист Джордж Кеннан, поляк революционері А.Янушкевич, орыстың әйгілі саяхатшысы П.Семенов Тянь-Шанский сияқты ірі тұлғалар да кітапханаға бас сұққан.
1946 жылы Өскемен қаласында 600 абонентке арналған жартылай автоматты телефон стансасының бірінші кезеңі пайдалануға берілді.
2009 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен түркітілдес халықтарының ІХ саммитінде түркі әлемінің бүгіні, ертеңі және болашағын зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми орталықты құру ұсынысын жасады.
Қазақстан Президенті сондай-ақ экономиканы, экологиялық қауіпсіздікті, мәдени-гуманитарлық салаларды дамытуда ынтымақтастықтың анағұрлым перспективалық бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ түркі елдерінің Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарды орнықтыру және қауіп-қатерлер мен шақыруларға бірлесіп қарсы тұру процестеріне қатысуы маңызды. Форум барысында түркі әлемі елдері арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасылды.
2011 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның режиссер Қанағат Мұстафиннің «Рывок» фильмі «Атлант» VIII халықаралық спорттық фильмдер фестивалінде «Спорт туралы үздік көркем фильм» номинациясы бойынша үшінші орын алды.
2012 жылы Астанада «Алашорда» фотоальбомының таныстырылымы өтті.
2013 жылы Тараз қаласында қазақтың көрнекті қайраткері, шешен Төле бидің 350 жылдығына орай ескерткіш қойылды.
2013 жылы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ классигінің татар тіліне аударылған өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті.
2015 жылы Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Хан моласы» мемориалдық кешенінің ашылу салтанаты болды. Ескерткіш тақта және кесенелен тұратын кешен Әйтеке би ауданында орналасқан. Ол жерде Әбілқайыр хан да жерленген болатын.
2016 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірыңғай гербарий қорын құрды, оның құрамына Қазақстанның үш мыңға жуық өсімдік түрлері кірді.
2018 жылы Қазақстанның білім және ғылым саласындаТәуелсіз ұлттық сарапшылар қоғамы құрылды.
https://www.inform.kz/kz/3-kazan-kazakparat-kuntizbesi_a3570865
03 қазан 2019 ж. 1 036 0