Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда үш қабатты тұрғын үй опырылып құлады

Түркияда үш қабатты тұрғын үй опырылып құлады

Түркияның Эскишехир қаласының Тепебаши ауданында үш қабатты тұрғын үй жұрттың көз алдында опырылып құлады. Бұл туралы «TRT Haber» телеарнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода ғимараттың жерге қарай опырылып құлап түскені анық көрінеді.

Үйге жақын жерде тұрған адамдар бұл маңайдан жүгіре қашып бара жатыр. Төңіректі әп-сәтте қою шаң басты.

Қуанышқа орай зардап шекендер болмады. Өйткені үй тұрғындары кеше шұғыл түрде басқа жаққа көшірілген. Жергілікті билік өкілдері үйде сызат пайда болғаны жөнінде дабыл қағылған бойда апаттың алдын алу шараларын жасауға кіріскен.
17 маусым 2023 ж. 270 0