Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда 500 адам тұрған көпір құлады

Үндістанда 500 адам тұрған көпір құлады

Үндістанда аспалы көпір опрылып құлап, 40 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Суға құлаған тағы жүзден аса тұрғын табылмай жатыр. Өзеннің ағысы қатты. Іздестір-құтқару жұмыстарын осы жайт қиындатып отыр. Оның үстіне түнде көру мүмкіндігі де нашарлап кетті. Оқиға елдің батысындағы Гуджарат штатында болған. Көпір екі жыл бойы жабық тұрған. Қайта жөндеуден ол кеше ғана ашылған.

Жергілікті ақпарат құралдары опырылып құлаған сәтте көпірдің үстінде 500-ден аса адам тұрғанын жазды. Үндістанның премьер-министрі қайтыс болғандардың отбасына 200 мың рупиден бөлінетінін айтты. Бұл теңгеге шаққанда бір миллионнан асады.
31 қазан 2022 ж. 825 0