Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сербияда көпір опырылып, туристер қаза тапты

Сербияда көпір опырылып, туристер қаза тапты

Сербияның орталығындағы Овчар Баня курорттық ауылында аспалы көпір құлады. Оқиға салдарынан екі әйел қаза тауып, тағы он адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Blic.rs сайтына сілтеме жасап.
Көпірдің құлауы кезінде монастырларды аралауға Босния мен Герцеговинадан 20-ға жуық турист келгені атап өтілді. Салдарынан адамдар санаулы секундтарда мұздай суда қалды, екі әйел қаза тауып, тағы он адам жараланған.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға аспалы құрылымды ұстап тұрған сымның үзілуі себеп болған.
14 қазан 2022 ж. 565 0