Қытайда қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды

Бұған толассыз жауып жатқан жаңбыр себеп. Жауын-шашын елдің солтүстік және орталық аймақтарын әбігерге салды. Метеорологтар әлі нөсер жауады дейді.
Қазірдің өзінде Хэнань мен Хэбэй провинцияларын су шая бастаған. Бейжіңде мектептер мен бірнеше көрнекі орын жабылды. Аньхой провинциясында лай көшті.