Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда лай көшкіні кезінде адамдар жоғалып кетті

Қытайда лай көшкіні кезінде адамдар жоғалып кетті

Қытайдың Хубэй провинциясында лай көшкіні жүріп, 7 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Бір адамның опат болғаны белгілі болды. Орталық көшелерді батпақ басып, адамдар әбігерге түсті. Бұл туралы жергілікті телеарна хабарлады.

Апат болған жерде құтқарушылар және ауыр техника жұмыс істеп жатыр. Кейінгі кездері Қытайда су тасқыны мен лай көшкіні жиі жүреді. Өткен айда Сычуань провинциясында шахтадағы лай көшкінінен 19 адам көз жұмған.
11 шілде 2023 ж. 207 0