Тәжікстанда қар көшкінінен үш адам қаза тапты

Шетелдік басылымның мәліметіне сүйенсек, Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысына апаратын Душанбе - Чанақ тасжолында қар көшкіні жүріп, үш адам қаза тапқан.
Musso көлігін тасжолдың 157-ші шақырымында қар көшкіні басып қалған. Үш адам оқиға орнында көз жұмды, бір жолаушы Шахристан облысындағы ауруханаға жеткізілді.