Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты

Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты

Үндістандағы тау шаңғысы курортында болған қар көшкіні салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде таралған видеода қалың қардың қатты жылдамдықпен төмен қарай сырғығанын көруге болады. Сондықтан кейбір демалушылар бас сауғалап үлгермей қалған.

Оқыс оқиға кезінде Польшадан келген екі турист қаза тауып, тағы 19 адам зардап шеккен.

Марқұмдардың мәйіттері ресми шаралар жасау мақсатында жергілікті полицияға жеткізілген.
04 ақпан 2023 ж. 586 0