Жапонияда көшкіннен екі адам көз жұмды
Жапонияда лай көшкіні жүріп, 2 адам көз жұмды. Оқиға Ямагата префектурасындағы Цурука қаласында болған. Құтқарушылар егде жастағы ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Олар әуелде із-түзсіз жоғалғандардың санатында болған. Халықаралық агенттіктердің соңғы деректеріне сүйенсек, биіктігі 30 метр, ал ені 100 метрлік беткей құлаған. Көшкін салдарынан 10 шақты ғимарат қирап, соның ішінде 2 тұрғын үй жермен-жексен болды. Әзірге басқа зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
24.kz