Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде тағы да ұшақ апаты болды

Ресейде тағы да ұшақ апаты болды

Ұшақ Иркутск қаласындағы тұрғын үйлердің біріне құлаған. Бұл соңғы аптада болған екінші ұшақ апаты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Су-30 ұшағы сынақ кезінде жеке секторға құлаған. Апат болған жерде өрт шығып, 200 шаршы метрді қамтыпты.

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынга бір апта бұрын Краснодар өлкесінің Йейск қаласында Су-34 жойғыш-бомбалаушы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 15 адам, оның ішінде үш бала қаза тапты. Күзде әскери ұшақ тоғыз қабатты тұрғын үйге тиіп кеткен.
24 қазан 2022 ж. 622 0