Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде жойғыш ұшақ құлады

Ресейде жойғыш ұшақ құлады

Ресейде Астрахань облысында МиГ-29 ұшағы құлады. Ұшқыш қаза тапты.

МиГ-29 жойғыш ұшағы Ашулук полигонында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Бұл туралы Оңтүстік әскери округінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап өтілгендей, ұшақ оқ-дәрілерсіз орындалатын жоспарлы ұшуды орындау кезінде бос тұрған жерге құлаған.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты өзге мәліметтері белгісіз. Әуе-ғарыш күштері бас қолбасшылығы комиссиясы ұшақ құлаған жерге жіберілді. Комиссия ұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтауы керек.

baq.kz
19 тамыз 2021 ж. 710 0