Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда МиГ-21 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Үндістанда МиГ-21 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Бейсенбі күні кешке Үндістанның солтүстік-батысындағы Пенджаб штатында елдің әскери-әуе күштерінің «Бизон» деп аталатын МиГ-21 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы елдің ӘӘК ақпараттық қызметі Twitter-де мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Кеше кешке батыс секторында «Бизон» ұшағы құлады. Оның ұшқышы, эскадрилья командирі Абхинав Чоудхари қаза тапты. Үндістан елінің ӘӘК мерт болған ұшқыштың отбасына қайғырып көңіл айтады», делінген хабарламада. ANI агенттігінің авиациялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақ жоспарлы оқу-жаттығулық ұшуын өткізген.

Айта кетейік, биыл МиГ-21 ұшағының қатысуымен болған үшінші әуе оқиғасы. Наурыз айында болған тура осындай апатта ұшқыш қаза тапқан.
21 мамыр 2021 ж. 525 0