Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапониядағы қар көшкіні бірнеше адамды басып қалды

Жапониядағы қар көшкіні бірнеше адамды басып қалды

Жапонияның орталық бөлігіндегі Норикура тауының етегінде қар көшкінінен бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Киодо агенттігіне сілтеме жасап. Бір жәбірленушінің жүрек соғысы тоқтап қалу жағдайында екендігі атап өтіледі. Жапонияда арнайы процедураға сәйкес уәкілетті дәрігер әлі өлімін анықтамағандарды осылай атайды. Агенттіктің хабарлауынша, қар көшкіні салдарынан бес-алты адам үйінді астында қалды.
Дегенмен NHK телеарнасы бұдан бұрын қар көшкінінің астында қалғандардың зардап шекпегендерін және үйінділердің астынан өздігінен шыққандарын хабарлаған болатын.

24.kz
14 наурыз 2021 ж. 492 0