Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда ультрамарафон кезінде 20 адам қайтыс болды

Қытайда ультрамарафон кезінде 20 адам қайтыс болды

Қытайдың Гансу провинциясында өткен ультрамарафон кезінде ауа райының қолайсыздығынан қаза тапқандар саны 20-ға жетті, тағы бір адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы Қытайдың Орталық телевизиясы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сенбіде таңертең Байин қаласының маңында таулы жермен 100 шақырымға жүгіру басталды. Синхуа агенттігі сол күні бұршақ жауып, марафонның биік таулы кезеңі өтіп жатқанда қатты жел соғып кеткенін хабарлады. Күннің күрт салқындаунан қатысушылар да физикалық қолайсыздық сезді, дене қызуы төмендеп кетті. Билік іздестіру-құтқару операциясына 700 құтқарушыны жұмылдырды.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06.00-дегі деректерге сәйкес, құтқарушылар 172 марафон қатысушысының 151-ін тауып, эвакуациялады, олардың 20-сы қайтыс болған, сегіз адам жеңіл жарақатпен ауруханаға түсті, тағы бір адам жоғалып кетті, оны іздестіру жалғасып жатыр.

kaz.tengrinews.kz
23 мамыр 2021 ж. 502 0