Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 мың теңге байлыққа бөледі

5 мың теңге байлыққа бөледі

Англияда қайырымдылық қор қызметкері Дебра Годдард анасына көмектесу үшін жүзігін сатпақ болған. Ал бұл әрекет оның өмірін түбегейлі өзгертіп жіберген деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Дебра бұл сақинаны 33 жыл бұрын 10 фунт (бес мың теңгеге) сатып алыпты. Ол жүзікті осы уақытқа дейін қорапта сақтап келген екен. Өз сақинасына зергердің айтқан құнын естіген Дебра қатты таң қалады. Оның жүзігі 26,27 караттық гаухартас болып шығыпты.Қатты қуанған келіншек жүзікті 743 мың фунтқа (360 млн 990 мың теңгеге) сатып жібереді.
Осылайша, 55 жастағы әйел анасына көмектесемін деп, қалай байып кеткенін де түсінбей қалған.
kaz.nur.kz
09 ақпан 2019 ж. 1 175 0