Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы айқас ерекше стильде өтеді
Миллиардерлер Илон Маск пен Марк Цукерберг арасындағы жекпе-жектің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұндай жаңалықпен X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск өз парақшасында бөлісті.
Оның айтуынша, аталмыш айқасты өзінің және Цукербергтің қоры ұйымдастырады.
Осылайша Маск мұның алдындағы «жекпе-жек UFC алаңында өтеді» деген ақпаратты жоққа шығарды.
Тікелей эфир X платформасында (бұрынғы Twitter желісінде) және Цукербергке тиесілі Meta-да көрсетіледі.
«Камераға түсетін бүкіл көрініс ежелгі Рим стилінде болады, демек заманауи ештеңе күтпеңдер. Мен Италияның премьер-министрімен және мәдениет министрімен сөйлестім. Олар шараны эпикалық орында өткізуге келісті», деп жазды Илон Маск өз парақшасында.
Сонымен қатар миллиардердің сөзіне қарағанда, түскен қаражат түгел ардагерлерге аударылады.